ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
1."Достық пен татулық - табылмас бақыт" тақырыбына өз пікіріңізді білдіріп эссе жазыңыз. Мәтіннің құрылымын, жанрлық, тілдік
ерекшеліктерін сақтаңыз. (80-100 сөз)
2."Қазақстандағы су ресурстарының азаюына адамның тікелей қатысы бар" мәселесі тақырыбында шағын эссе жазыңыз. Эсседе мәселені
шешу жолдарын ұсынып жазыңыз.Мәтінде бұйрық рай, шартты рай етістіктерін орынды қолданыңыз.
(80-100 сөз)
«Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай!
Мұғалім: Түзел! Тік тұр! Бір мен екіге бөлініп, сана! Балалар келеп апатда мектебімізде «Салауатты өмір салты» апталығы өтеді. Апталық уақытында әрбір оқушы белсенді болып, өзі ұнататын спорт түрінен жарысқа қатыса алады.
Оқушылар: Мұғалім, қандай спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылады?
Мұғалім: Оннан аса спорт түрінен жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, жүгіру, ұзындыққа секіру,үстел теннисі және т.б.
Оқушылар: Ал біз сыныбымызбен футболға жазылып, қатыссақ бола ма? Біз үнемі өзіміз команда болып ойнап жүрміз.
Мұғалім: Әрине, болады. Онда сендерді тізімге жазып кояйын.
Оқушылар: Рахмет, ағай!
Мұғалім: Басқа қатысам деушілер бар ма?
Қыздар: Ағай, біз волейбол ойнап көрейік, ал қалғандары бізге жанкүйер болсын? Бастысы жеңіс емес, қатысу. Өз бағымызды сынап көрейік. Оның үстіне денсаулығымызға да пайдасы тиер.
Мұғалім: Жақсы, қыздарды волейболға жазып қойдым. Осы апта соңына қарай қосымша ақпарат беріліп, жарыстың өткізілетін уақыты хабарланатын болады. Ал әзірге жаттығуларымызды жалғастырайық. Екі командаға бөлініп, тұра қалыңдар...