В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ZorinaMasha2512
ZorinaMasha2512
16.05.2021 03:40 •  Қазақ тiлi

ТЕКСТ ЗАДАНИЯ

Мәңгілік Ел – арманымның асқары.

Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.

Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.

Мәңгілік Ел Нұрлы жолға бастады.

Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым.

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың

Бар әлемге мойындатар қуатын.

Мәңгілік Ел – шежіресі даламның.

Мәңгілік Ел – ақ тілеуі анамның.

Мәңгілік Ел – мәңгілікке аманат.

Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы бабамның.

Мәңгілік Ел – ынтымақ пен бірлікте.

Мәңгілік Ел – ымыралы тірлікте.

Мәңгілік Ел – ертеңіңді ұлықтау.

Мәңгілік Ел – өткеніңді ұмытпау

Мәтінді оқып, 2 негізгі ақпаратты, 2 қосымша ақпаратты жазыңыз

Негізгі ақпарат

1.

2.

Қосымша ақпарат

1.

2.

Показать ответ
Ответ:
ппр49
ппр49
05.08.2021 00:20

Қазақстан - таулар мекені.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар. Биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Елімізде Алатау, Алтай, Қарқаралы, Ұлытау секілді таулар бар. Бір - екеуіне тоқтала кетер болсақ, Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.

Жаратушы сыйлаған осынау бір таңғажайып, көрікті табиғатымызды қорғап, оның гүлдене беруіне себепкер болайық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Missura2001
Missura2001
05.08.2021 00:20

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай таулары дейін 2925 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтығының оңтүстігі мен Орал тауларының сілемдерінен, оңтүстігінде Тянь-Шань биік таулы жоталары мен Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат жағдайдары да әртүрлі. Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде орманды далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл-шөлейттерге, құмды, сазды, тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады. Таулы-тасты жерлері аласа таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь-Шанның қарлы шыңдарына ұласады; сулары - Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Марқакөл көлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал,Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота