Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Әр адам өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриот - бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінің, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға. Сондықтан, әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс. Патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталады. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған ғой. Біздің еліміздегі әрбір азамат өзі өсіп-өніп, өмір сүріп,қызмет етіп жатқан өз еліне құрметпен қарауға тиісті.