Я так думала Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей Бірінші байлық – денсаулық Екінші байлық – ақ жаулық Үшінші байлық – он саулық - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан баланың сауығып кетуіне де өзіміз жәрдемші болуымыз керек. Ауруға қарсы сылап-уқалау сәбидің екі аяғын тізесінен кісен секілді темірмен керіп қою керек. Ал енді еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық
Отырар-Қазақстан жеріндегі көне қала.Отырар ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған. Ежелгі Отырар қорғанын жаулап аламын деушілердің бірі Шыңғыс хан болды. Ол Қытайды жеңіп, Отанына оралған соң, қазақ даласын жаулап алуды ойлады. Бұл мақсатын іске асыру үшін осы елдерге үш мұсылман бастаған елші аттандырды.Мұхаммед шах оларды Бұхара қаласында қабылдап, шығыс пен батыстың арасын жалғастырып жатқан Жібек жолын моңғол керуені үшін ашып қоюға уәде байласып, келісім шартқа қол қояды. Елшілер оралған соң, Шыңғыс хан тағы тыныш жатпайды. Хорезм елінің күшін, сауда-саясатын біле түсу мақсатымен тыңшы қосып, екінші рет елшілік аттандырады. Мұны сезген қала әміршісі оларды тұтқынға алып, Мұхаммед шах әмірімен тыңшыларды жазалайды. Осылай Шыңғыс ханның үлкен мемлекетке шабуыл жасауына себеп табылады. 1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Халық жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан әскерімен бірге қорғайды. Қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазып тастаған. Қалаға кіріп-шығу үшін, қақпа салған.Қайыр хан Шыңғыс ханның көрші мемлекеттерді қалай жаулап алғанын жақсы білді. Сондықтан қаланы қорғау үшін барлық даярлықты жасады. Жаяу және атты әскерлерді қақпа алдына қойды. Ал өзі қамал қабырғасына шығып, қала сыртына қарағанда көз жетер жердің барлығында әскер тұрды. Шыңғыс ханның жауынгерлері қамалдың айналасында бірнеше қатар болып, шеңбер құрып орналасқан болатын. Отырар қаласын еркектермен бірге әйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады. Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді. Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртелді.Қала халқы қырылды, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетеді.Отырар-қаһарман қала, оны қорғаушылар - ерліктің үлгісі