Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
Мен жазды қалай өткіздім. Жаз жылдың ең жақсы уақыты. Жазда оқудан демалуға, күнде көңілденуге, саяхаттауға болады. Маусымда он күнге мен лагерьге бардым. Көптеген достар кездестірдім, көңілдендім, әр түрлі ойындар ойнадым. Лагерьде мен жақсы демалдым. Шілдеде Пекиннен менің әпкем келді. Біз онымен күнде қыдырдық, көңіл көтердік, өз үйімізде көптеген фильмдер көрдік. Онан соң мен әжемде болдым, сіңіліммен ойнадым, ініме қарадым, әжеме және тәтеме көмектестім. Тамызда мен тауға шығуға кеттім. Тағы өз отбасыммен суға түсуге бардық. Біз өте бақытты болдық. Бұл жазды мен өте керемет өткіздім. Қуаныш көп болып, көңілді болды. Маған осы керемет үш ай қатты ұнады.
Жаз жылдың ең жақсы уақыты. Жазда оқудан демалуға, күнде көңілденуге, саяхаттауға болады. Маусымда он күнге мен лагерьге бардым. Көптеген достар кездестірдім, көңілдендім, әр түрлі ойындар ойнадым. Лагерьде мен жақсы демалдым. Шілдеде Пекиннен менің әпкем келді. Біз онымен күнде қыдырдық, көңіл көтердік, өз үйімізде көптеген фильмдер көрдік.
Онан соң мен әжемде болдым, сіңіліммен ойнадым, ініме қарадым, әжеме және тәтеме көмектестім.
Тамызда мен тауға шығуға кеттім. Тағы өз отбасыммен суға түсуге бардық. Біз өте бақытты болдық.
Бұл жазды мен өте керемет өткіздім. Қуаныш көп болып, көңілді болды. Маған осы керемет үш ай қатты ұнады.