В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Margarita12071
Margarita12071
20.09.2021 10:26 •  Қазақ тiлi

Тема Ұлы дала көшпенділері эссе слов

Показать ответ
Ответ:
kpilipaka02
kpilipaka02
27.11.2020 14:48

Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты.

Объяснение:

Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқару жүйесі болды. Көне заманда қазақ жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. Орта ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемлекеттіліктері болды. ХЫВ ғасырға дейін Қазақстан жерінде әр түрлі мемлекеттер болды, ХВ ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер. Сондықтан көшпелілерде мемлекеттілік болған жоқ, ал болса, "олар мемлекеттік басқару жүйесінің үлгісін отырықшы халықтардан алды, үйренді" деген пікірлер мүлдем қате. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан ХВ—ХВЫЫЫ ғасырлар аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі болды:

1. Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есептелді. Қол астындағы елді, жерді қорғау — оның басты міндеті саналды.

2. Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға құқылы болды.

3. Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады.

4. Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына бұйыруға немесе кешіруге құқылы болды.

5. Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота