Темендегі тапсырмаларды орындаймыз Біздің елімізді табиғаты ерекше. Жыл мезгілін қай тусын алсаң иә, я қаламыз, мен ауылымыз жайнап тұрамыз. Казір қыс мезглін алсак, терен тыные Алатау таза ауа, АҚ керпесін жамылған жер, екі беті алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, келесі көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтан бар кегеріп, жер астынан бойшешегіміз Бір кісілік атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидегін nicin, балаларды маз-мейрам болатын уақыты. Кузге тоқталсақ, бұл жыл мезгілді ақын аға-апаларымыз тілін бітіруіне билет алтын уақыт. Иэ, қалай дегенде де менің елкемді табиғаты тамаша, кен байт! 3. Мәтіндегі
негізгі ойын
анықтаңыз.
основная мысль
Наурыз көже
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.
Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.
Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.
Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.
Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.
Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.
Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.