Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97 проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында. Совет Одағында бұл өзен алабының көлемі тек Енисей, Лена және Амур өзендерінің алаптарынан ғана кішірек. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр.
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады