ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау 1. Бүркіт пен тазы қандай?
А) көңілді әрі жылдам ; В) күшті әрі епті; С) жалқау әрі баяу;
2. Аңшылар қандай аңдарды аулады?
А) қоян мен түлкі; В) арыстан мен піл; С) қасқыр мен аю;
3. Аңшылар қар жауғанда?
А) тазы иттер оларды қуады; В) айғайлап,аңды қорқытады ; С) аңға шығады;
4. Менің шанам жаңа?
А) -ырақ ; В) -рақ; С) -рек;
5. Алматы қаласы қандай аймақта орналасқан?
А) таулы; В) жазық далада; С) орманды;
6. Дала тышқаны көртышқанға қарағанда кіші?
А) деу; В) теу; С) леу;
7. Ай жұлдызға қарағанда жақын?
А) дау; В) тау; С) лау;
8 . Ринат қайда демалды?
А) тауда; В) теңіз жағасында; С) орманда;
9. Ринат неден қатты қорықты?
А) қасқырдан; В) дауылдан; С) жанартаудан;
10.Аралдың орманды бөлігінде өмір сүреді ?
А) туристер; В) аңдар; С) жабайы тайпалар;
11. Океанариум қай жылы ашылды?
А) 2002 ж; В) 2003 ж; С) 2004 ж;
12. Океанариумға неше литр су құйылған?
А) 3 000; В) 3 000 000; С) 30 000;
13. Шамамен 2000 теңіз әкелінген?
А) өсімдігі; В) жануары ; С) суы;
14. Теңіздің астына қарағанда теңіздің беті
А) суық; В) жылы;С) тұнық;
15. Не қаупті?
А) ұлу, шаян, бүркіт; В) жылан, жанартау, қасқыр; С) жылқы, балық,тауық;
Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.