В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
XMuhamedKinggX
XMuhamedKinggX
11.05.2023 23:09 •  Қазақ тiлi

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
2 – нұсқа
Бөлім «Жастықтың оты қайдасың?» «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»

1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқи отырып ойды жалғастырыңыз және оқиғаны дамытыңыз.

Бауыржан бұрын Дзержинский көшесіндегі шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «Сіздің өтінішіңіз орындалды. Келіп, кең пәтердің ордерін алыңыз», -дейді.
Бауыржан барып, бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
-Неге мұңайып тұрсыз, шешей? –дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.
Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, ал соңына келіп бұның пәтеріне үш бөлмелі пәтерді қосып бір полковникке бергенін айтады. Бұны естіген Бауыржан әйелді ертіп қалалық кеңеске келіп, қалалық кеңестің қызметкеріне былай дейді

2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.


Сұрақ
Жауап

1
Бауыржан кім?

2
Бауыржан қалалық кеңестен не сұрады?

3
Бауыржан ашуланды ма? Неге?

4
Мәтінге қандай атау бересіз?

5
Мәтін әдебиеттің қай жанрына сай?

3-тапсырма
Мәтінді оқы. Дұрыс нұсқаны белгіле.
Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында еврей отбасында дүниеге келген. Алғаш рет Мюнхендегі католик шіркеуінде білім алған. Шіркеуде оған діни түсініктерді оқытса да, ғылыми кітаптарға қызығушылығы артып, ақыры ғылым жолына бет бұрған. Гимназияда оқып жүрген кезде Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, тәртібі жайлы мұғалімдер арасында көп сөз жүреді. Ол математика мен латын тілі пәнінен басқа сабақтарға дұрыс көңіл бөлмеген. Эйнштейннің басты еңбегі- «Салыстырмалылық теориясы». Сонымен қатар «Эйнштейн заңы» атанған фотохимия заңын анықтаған.

Альберт Эйнштейн...
Ғалым
Философ
Альберт Эйнштейн...отбасында дүниеге келген
Араб
Еврей
Ол алғаш рет ... білім алған
Медреседе
Католик шіркеуде

Гимназияда оқып жүргенде...
қиын оқушылар қатарына жатқызылған
үздік оқушылар қатарына жатқызылған
Ол ... пәндерінен басқа сабақтарға көңіл бөлмеген
Әдебиет және философия
Математика және латын тілі

Альберт Эйнштейн...
Фотохимия заңын анықтаған
Астрономия заңын анықтаған

Показать ответ
Ответ:
Brain111t
Brain111t
14.09.2020 12:56

Бауыр - туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере, туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын төте бауыр, бір әкеден туған, жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Бауырдың кішісі өзінен үлкенге арқа сүйеп еркелесе, үлкені жақсысына сүйініп, жаманына күйінеді, тілегін тілеп, ақыл-кеңес береді. Кейде немере, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді. Қазақтар жақыны қайтқанда «Ой бауырымдап» дауыс салып келеді. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында бауырдың өте үлкен мәнге ие екендігін білдірсе керек.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Electron57
Electron57
26.09.2022 10:23

Саяхат және туризм.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте "Туризм" мамандығын меңгеріп, тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота