Тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалог құрыңыз. [5]
1-мәтін
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, ба з залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
Кім осы тапсырманы істеді