Тоқтар әкесінен мүлде ерте айырылды. Содан бірер жыл Теміртаудағы жездесі- Нығметтің үйінде тұрған соң шешесі Кәмила қала тіршілігіне көндікпей, ауылға қайта көшкен. Тоқтар орталау мектепті сол Қарқаралының ТЖС-ында (ТЖС- троктор жөндеу стансысы) бітіріп, әрі қарай оқуын жалғастыру үшін тағыда әпке- жездесінің қолына барды. Кешкі мектепте оқи жүріп, күндіз жүкші
болып жұмыс істеді. Келер жылы зауытқа токарьлық жұмысқа ауысты.
Бала Тоқтардың аты елге таныла бастады. Он сегізге толмай жатып суреті Құрмет тастасына ілінді. Кешкі мектепте оқуын да жалғастыра берді. Аэроклубта парашютпен секіруге, кейінен ұшуға жолдама алды.Алғаш әуеге көтеріліп , ұшуға жаттығып жүрген кезінде кәмелеттік аттестат алуға емтихан тапсырды.
Тоқтар 1965 жылы Қарағанды облыстық комсол комитетінің жолдамасымен Армавирдегі ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге оқуға түсті.
1976 жылы А.И. Микоян атындағы авиақұрастырушылар бюросына қабылданғанда өзінің өлімге бас тіккенін сезінбей қойған жоқ. Тоқтар бәрін де ой елегінен өткізді. Өзіне дейін қазақта бірде- бір сынаушы ұшқыш болмағанын ол жақсы білетін. Бәлкім,маңдайына жазғаны - осы шығар. Ана тілінде тілдесетін пенде таба алмай, ыңылдап ән салатын, жүрегі шымырлайтын кездері де болатын.
Осы мәтінге 5 сұрақ жазып беріңдерш керек болып тұр.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»
адам да, бала да еңбектену керек. Әр адамның өз еңбегі бар. Мысалы: әскерлер біздің елімізді қорғайды, пезидент әр қашан өзелініңқамын ойлайды, дәрігерсіз біздің еліміз ауру болар еді, иегіншілерсізбіздің еліміз аш болар еді, сол сияқты малшывлардың еңбегімен дастарқанымыз жасалады. Ал ұстаз балалардың болашағын ойлап оларға тәрбие және білім береді. Балалараға-тәтелерінің болашағын жалғастыру үшін оқу оқиды. Осы оқыған біліміне сәйкес өзінемамандық таңдайды. Болашағында олар өз еңбегініңақысынаөмір сүреді Еңбек пен бақыт егіз - дегенімен еңбек еткен адам бақытты болады. Міне еңбекпен тапқан нан осы екен.