Только для чтения. Вы не можете с... 7 «» сынып
Оқушының аты-жөні:
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық баға
тапсырмалары
Тапсырма
1.Үзіндіде ескіліктің калдыгын суреттейтін кандай салт-дәстүр берілген?
[1]
Ата-анасын куантып,
Қырық күн ұдайi той кылып,
Сансызбай Жібекті алады.
Сипатын көріп Жібектің
Ел-жұрты қайран қалады.
А) сыңсу
В) жоқтау
С) әмеңгерлік
Д) қоштасу
1.2.Берілген үзіндіде кімнің тұлғалық бейнесі сипатталған?
[1]
Жоқ, кедей халықты көп көтердім,
Кедей халыкты бай кылдым,
Аз халықты кеп кылдым.
Осы сөзімде өтірік бар ма?
A) Қазтуган
B) Күлтегін
C) Есім хан
Д) Жиембет
L3.Жібек Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
[1]
А) түс көргеннен кейін
В) коріпкел сөзінен кейін
С) суық хабар естігеннен кейін
Д) жеңгесінің сөзінен кейін
LA.Үзінді кімнің сөзінен алынған?
(1]
Ертеңгі күн болганда,
Елің кеңес күрғанда,
Айналып акыл табарга,
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не дейсің, —
A) Доспамбет
В)Қазтуған
C) Есім хан
Д) Жиембет
мен
Отан отбасынан басталады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!