ТОПТЫҚ ЖҰМЫС 4
Есептерді шығар.
а) 1500 бөлшек жасап шығару керек. Бір станок бұл жұмысты
15 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта орындайды. Екі станок бір
уақытта бірдей жұмыс істесе, барлық бөлшекті қанша уақытта
жасап шығарады?
ә) Кітапханадағы 18 000 кітапты қайта түптеу керек. Бір ше-
берхана бұл жұмысты 3 күнде, ал екіншісі 6 күнде орындайды.
Егер екі шеберхана бір уақытта бірдей жұмыс істейтін болса,
онда барлық кітапты қанша күнде түптеп бітеді?