Әрбір адам омір сүргісі келеді. Күн сайын біз неше түрлі мәселелермен соктығысып каламыз, бірақ көбісі бір кішкентай-ақ мәселенін кесірінен бәріне қол сілтеп, тастап кеткісі келеді. Менің ойымша, өмір сүруге құштарлығын келдіретін сол бір жағдайлар бар. Өз қуанышың үшін өмір сүруің керек және өзіңе де басқаларына да қамқорлығынды білдіруің керек. Өзіңнін денсаулығынды ойлап және қойған мақсатыңа талпынуың керек. Әрбір күн бұл жаңа мүмкүндік. Қайта өмір сүру үшін, бізде 100 мүмкүндік болмайды. Сондықтан да оны бағалай білуіміз керек.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет.