Туған елiм, Құдiретiмсiң аңсаған Алдан жарқын Күн шыққаным
Кескiнiңдi көрмейiншi шаршаған
Пасық ойлар тұншыққанын
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша
Жер астынан қарап жатар мен саған»,- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің
қолданысын түсіндіріп беріңіздер. (3-4 сөйле
Қара металлургия — өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсіптіңсалыстырмалы түрдегі жас саласы. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
La Louvière - Forges, Fonderies & Laminoirs Boucquéau.JPG
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.
Күн мен түннің теңелуі - Күн орталығы өз қозғалысында жер экваторын кесіп өтетін астрономиялық құбылыс.
Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Әлемдік уақыт бойынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі 20 наурыз күніне сәйкес келеді. Бұл уақытта Күн оңтсүтік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысады. Ал күзгі күн мен түннің теңелуі Күн солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауған кезде орын алады. Ол қыркүйек айының 22 немесе 23 жұлдызына сәйкес. Оңтүстік жарты шарда, керісінше, наурыздағы күн мен түннің теңелуі күзгі, ал күн мен түннің қыркүйекте теңелуі көктемгі болып саналады.