Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес.
Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.
Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі – боз жусан менкөк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде желкілдейді. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдік атаулының тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, балабақшада өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.
Составить 3 во по этому тексту
Үркер– (астрономиялық аталуы М45) Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды Үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында Үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.[1]
Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс.
Небра аспан тақтасы, б.з.д.1600ж. жасалған. Оң жақ үстінгі бөлігіндегі топты жұлдыз Үркер деп есептеледі.
Көк түсті жоғары темпратуралы тұрақты жұлдызды негіз еткен бұл Үйіржұлдыз шоғыры шамамен 100 млн жыл бұрын қалыптасқан екен. Ұсақ тозаңдардан құралған тұмандық осынау жарық жұлдыздар шоғыры төңірегін айналып жатыр. Бұрынғы түсіндіру бойынша, тозаңдар үйіржұлдыз қалыптасқан кезден қалған делінсе, ең жаңа түсіндіру бойынша бұл жұлдыз үйіріне қатысы жоқ алып тозаңдар бұлты осы өңірден өтіп бара жатқан көрінеді. Астрономдардың болжауы бойынша, бұл үйіржұлдыз шамамен әлі де 250 млн жыл өмір сүреді де, сосын Құс жолының тартылыс күшінде ыдырап, өзіне таяу жұлдыз жүйелеріне араласып кетеді.
Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердегі жарық жұлдыздардың төңірегінде үлкен тозаңды тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі ара қашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады.
Бүгін мен "Керемет" шаштаразына бардым. Ол жерге барар алдында, қандай сәнді шаш жасайтынды ойладым. Ойланып, мен шашымды каре қылып қидырғым келді. Шаштаразшы өте мейірімді адам болып шықты, менің тапсырысымды жарты сағатта бітірді. Енді шашым әдемі әрі сәнді болды.
Перевод;
Парикмахерская
Сегодня я ходила в парикмахерскую "Керемет". Прежде чем идти туда, я думала, какую прическу мне выбрать. Подумав, я решила подстричь под каре. Парикмахерша была очень добрым человеком, она выполнила мой заказ за полчаса. Теперь мои волосы красивые и модные.
Написала, что пришло в голову :/