туар. 11-тапсырма. Кәсіби сөздерді тауып, дәптеріңе жаз және олардың қай кәсіпте қолданылатындығы бойынша шағын зерттеу жүргіз. Шал енді қауындық жерінің басынан шықпайтын болды. Қарықтардың арасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шар- тақ құратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп су са- лады. Қарекең пәлек аралап «жеуге жарайды-ау» деген екі қауын- ды үзіп, немерелеріне құшақтатып жіберді. Көп ұзамай қауыннан сарғайып әңгелектер шыға бастады. (Т. Нурмагамбетов)
Құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.
Бұрыңғы ата бабаларымыз бүркіт қасиетті құс болғандықтан, сұсынан жын шайтан қашады деп бүркітпен аластауды салт етіп ұстаған. Көршінің не болмаса көрші ауылдың үйлеріне бақытсыздық орын алған жағдайда, не болмаса жұмыстары жүрмесе, беймаза күндері болса, не болмаса отбасы мүшелерінің біреуі қатты сырқаттанса, үйдің бүркітімен аластатып ұшықтап алатын.
Қазақ ауылдарына тараған сырқат адамдарды емдеу, шипалық емдері болған. Ол тәсіл бүркітпен емдеу еді. Бұл ем көбінесе жын шайтаннан, бір жаманнан қатты қорыққан, шошынған, ұшынған, есалаңмен, басында ауытқулары бар адамдарды Бүркітпен сауықтыру қолданылып келді. Әсіресе ақыл есі кеміген адамдарды, әуелі де оларға итті көрсетіп, сосын сырқатын бүркіттің қанатымен желпіп ұшықтаған. Одан соң аластап, басын бүркітпен сәл ғана ұрған. Сырқатын емдегенде көбінесе қартайған қыран құстар таңдалынады. Себебі жасы келген бүркіттің қуаты мен емі күшті. Саңқылдап шақыратын бүркіттердің дауысынан жын шайтандар қашып кететін.
Кей ауылдарда босана алмай жатқан келіншектер болғанда құсбегілер бар болса, қиналып жатқан әйелдерге бүркітшіні шақырып, бүркітімен желпитін әдеті болған. Ауыл құсбегілерінің ең мықты бүркіті таңдалынып, толғағы қысқан, ауырлаған әйелді бүркітпен желпу әдісін қолданған. Босана алмай жатқан әйелдің үйіне бүркітті алып келіп, дәреттеніп, Бүркіт иесінің аруағына сиынып, дұға оқып, біссмілләсін айтып, оң аяғымен кіріп, шаңыраққа қарай, Ассалаумағалейкүм деп сәлем берген. Бүкіттің томағасын сыпырып, босана алмай жатқан келіншекке қолындағы құсымен тақап отырып, қанатымен екіқабат әйелді желпіген. Бүркітті көріп, есін жиған әйел, оңай жеңіл босанады.
Сырттан үйге кірерде әуелі шаңыраққа, сосын сол үйдің оң жағында бүркіт отырған жерінде бүркітке де сәлем көрсеткен. Бүркіттің алдын кесіп өтсе, бүркіттің сағы сынады деген. Егер амалсыздан бүркіттің алдынан өткен жағдайда, бісмілләләп өткен. Себебі Бүркіт қозып кетін жағдайы болған.
Көп уақыт өмір сүріп, бүркіт қартайып өлген кезінде, құсбегілер құрметтеп жерлеген. Денесін ақ шүбереке орап, мекен еткен жерінің биік төбесіне ұясының қасына жерлеген. Ескерткіш үшін басын кесіп, іліп те қойған.