қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және де осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. А туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан - деген ұғымдар жүрегіне жақын ұғымдар. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған."Ата мекен - алтын бесік"деп, ата - бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі."Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат"- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал. Туған жердің табиғат да бір ерекше! Сарыарқаның сарша тамызы, бұлбұлы сайраған көктемі әдемі ғой. Самайдан желкілдеген көшкін желде - бір алып. Ақ меруерттей көмкерілген біздің Сарысу Сарыарқа өзені. Бұл өлке адамның көзіне күндік жерден шалынады