«Білім ордасы Түркістанда орналасқан соң бұл туристік дистенация ретінде, туристік бағыт ретінде болған соң осындай ісшара көбірек жүргіземіз деген ниетіміз бар. Бұндай ісшаралар студенттердің көзқарастарын, жалпы ойларын ауыстырады. Жаңашылдыққа тартады. Осының бәрі студенттерге арнайы жасалып отыр»,- дейді Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Айдос Сәкенов.
Сонымен қатар аталмыш ісшарада студенттер өз өнерлерін көрсетті. Бірі әуелетіп ән салса, бірі мың бұрала биледі.
Айта кетейік, бұл университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар даярлайтын еліміздегі халықаралық деңгейдегі тұңғыш жоғары оқу орны. Мұндағы талапкерлер туристік бизнестің нақты қажеттілігін ескере отырып, 4 жылдық білім беру бағдарламасының негізінде халықаралық үлгідегі екі диплом алатын болады. Бұл мүмкіндік түлектердің өз мамандығы бойынша әлемнің кез-келген елінде еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жоғары оқу орнында отандық профессорлармен қатар шетелдік профессорлар, туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП менеджерлерімен қатар осы саланың ғылым докторлары дәріс оқиды. Университет базасында туризм факультеттерінен бөлек спорттық кафедралар да құрылған. Сонымен қатар, аталған оқу орнында біліктілікті арттыру орталығымен қоса IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқытатын тіл орталығы да жұмыс істейді.
ответ)