ТЫҢДАЛЫМ 1-тапсырма. Мәтінді бір оқушының мәнерлеп оқуынан тыңда. Оның
дауыс ырғағы мен кідірісті дұрыс жасағанына көз жеткіз. Сөз екпiнi
мен логикалық екпінді дұрыс қойды ма?
Ұзақ өмір сүруге және денсаулықты нығайтуға өмір бойы ұм-
тылу керек. Майлы тамақты аз ішіп, көкөніс пен бидайдың төмен-
гі сұрыптарын пайдаланған маңызды. Жоғарғы сұрыпты ұннан жа-
салған нанды, қантты өте аз мөлшерде жеу керек. Адамдар «майлы
тамақ семіздікке әкеп соғады» деп санайды. Қанттың көмірсулары мен
құрамында қанты бар сұйықтықтарды аз пайдалану қажет. Мысалы,
Кока-кола, пепси-кола, фастфуд, хот-догтар өте қауіпті. Қуырылған
тамақтар жүрек-қан тамырлары ауруына, тіпті қатерлі ісік дертіне
әкеп соқтырады. Күніне кем дегенде 400 грамм көгөніс пен жеміс-жи-
дектерді пайдаланған дұрыс. Тағы бір маңызды жайттың бірі
қимыл-қозғалыс. Негізі көп жүріп-тұру керек.
(Tanerendi TTT
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.