Тыңдалым, оқылым 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Қою әріппен берілген сөздердің
мағынасын анықта.
Су – аса құнды табиғи ресурс. Елдің экономикасы, халықтың жағдайы
суға тәуелді. Әсіресе ауызсу мәселесі өте маңызды. Ауылшаруашылыққа
барлық судың 80-90% пайдаланылады.
Судың 40 пайыздан астамы көрші мемлекеттерден келеді. Сондықтан
Қазақстан көрші мемлекеттерден келетін суға тәуелді. Қазақстанда 8 езең
бассейні бар. Бассейндердің жетеуі — трансшегаралық өзен. Нұра-Сарысу
су қоймасы ғана — трансшекаралық өзен емес.
Қазақстан жерінде су ресурсы біркелкі емес. Шығыс аймаққа су
ресурсының 34,5% тиеді, оңтүстік-шығысқа 24,1%, оңтүстікке — 21.29 ,
батысқа-13,4%, солтүстікке — 4,2%, орталық аймақтарға – 2,6%. Ең неп су-
мен қамтамасыз етілген — Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Қызылорда,
Маңғыстау облыстарында су тапшы. Маңғыстау облысында тұщы су жоқ,
Қазақстандағы 8 жарым мың өзеннің көбі тұнық емес. Таудан ағатын -
лайланған кішкентай өзеншелер. Көктемде тола алады. Ал жазда көбі ке-
уіп қалады.
Ең ұзын өзен — Ертіс. Ағыны қатты. Оның ұзындығы 4 мың шақырымнан
асады. 1400 шақырымы Қазақстан жерімен ағады. Ертіс Моңғол Алтайынан
басталып, Зайсан көліне құяды. Есіл мен Тобыл өзендері — Ертістің салалары,
Ертістен кейінгі ұзын өзен — Жайық. Ол Орал тауларынан басталып, Кас-
пий теңізіне құяды.
Ертістен екі есе кіші өзен — Сырдария. Іле өзені Сырдариядан аз ғана
кіші. Іле Балқаш көліне бірнеше текше метр су құяды.
117
Мен музыканы қатты ұнатамын,Музыка адамның көңілін де көтереді,кейде бір ойға да түсіріп та жібереді,Мен өзім ешкандай аспапта ойнамаймын ,бірақ маған скрипканы мұңы маған қатты әсерін тигізеді,
Тарих мәліметтеріне сүйенсек;осы ғасыр мен XVII ғасырдың басында белгілі Аматилер отбасы скрипка жасау ісімен шұғылданды. Олардың аспаптары өзіндік өзгеше формасымен және жақсы сапасымен үнемі ерекшеленді. Осы скрипка өндірісі-ақ Италия елінің абыройын біраз аспандатып тастады. Сол замандағы Страдивари мен Гварнери атты шеберлердің скрипкасы өте өтімді болды тағар ешкім де мін тапқан жоқ. Олардың жасаған аспаптарының құны да жоғары болды.
. Скрипка симфониялық, эстрадалық, камералық оркестрлерде және трио, квартет, квинтет ансамбльдерінде қолданылады. Ол қазақтар арасына 19 ғ-дың аяғында тарай бастады. Скрипка тартушылардың алдыңғы қатарында Жаяу Мұса болды.Қазақстанда кәсіби білім алған, үздік орындаушылық қабілетімен дүние жүзіне танылған Айман Мұсаходжаева, Марат.Бисенғалиев, Гауһар.Мырзабекова, т.б. скрипкашылар есімі белгілі.