ТЫҢДАЛЫМ Оқылым МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ері,
3
-тапсырма.
Мәтінді оқы.
Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Бірінші қабатта қан тапсырдым. Сосын
жоғары көтерілдім. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері
мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады.
Дәрумен ішуге кеңес берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фастфуд тағамдарының
зиян екенін айтты.
Сосын тіс дәрігеріне бардым. Ол менің тістерімді тексерді. Тіс дәрігері: «Тістеріңді таза
ұста», - деп кеңес берді. Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын.
Көз дәрігеріне бардым. Ол көзімді тексерді. Көз дәрігері: «Компьютерде көп отырма,
теледидарға жақын отырма», деп кеңес берді.
Менің тiстерiм таза, көзім алыстан да, жақыннан да жақсы көреді. Отбасы дәрігері маған:
«Сенің денсаулығың жақсы. Жарайсың!» - деді.
Ал сен емханаға барасың ба?Мәтіннен үстеулерді тауып, дәптерге жазыңдар.
Найдите в тексте наречие и запишите в тетрадь
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/