ТЫҢДАЛЫМ оқылым МӘТІНМЕН Ж
3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Біз бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық балалар мен жас-
өспірімдер театрының әртісі Досқан Жол-
жақсыновпен кездесу өткіземіз. Кездесуді
біздің сынып ұйымдастырады. Бір апта бұрын
хабарландыру жаздық. Кеше оқушылар
нездесу өтетін залды безендірді.
Саша екеуіміз актер туралы слайд-фильм
дайындадық. Көрнекті әртістің өнері мен өмірі
жайлы қызықты деректер іздедік. Көркем
фильмдерден үзінділер алдық. Қызықты су-
реттер таптық.
Әнел мен Анна кездесудің сценарийін
дайындады. Өнерлі балаларды іріктеді. Концертті Ләйла апай жүргізді.
Кездесуде Досқан Жолжақсынов өзі таңдаған өнер саласы, а
амандығының қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап береді. Досқан
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.