ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ -тапсырма.
4
Мәтінді тыңда. Оқы: «Жигсо» «Бөлшекте, жинақта!».
Сынып үш топқа бірігеді. Әр топтағы оқушылар № 1, №2,
№ 3 түрінде белгіленеді. 1-кезеңде әр топтағы балалар мәтіннің өздеріне тиесілі бөлігін
оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес бір топқа бірігеді. Олар өздері
оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп талдайды, ой бөліседі. 3-кезеңде топ мүшелері
қайта өз орындарына барады да жалпы мәтіннің мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған
тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет, карта және т.б.) ойларын
жинақтайды. 4-кезеңде әр топ өз жұмыстарын сыныптың алдында қорғайды.
Көшпелілер деген кімдер?
1. Көшпелілер өркениеті мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан
жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті.Көшпеліліктің
шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық,
табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық
жүйесі қандай? Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау
бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200-
400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді.
2. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның
сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде
жоқ. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта ғасыр
ойшылдары тамсана жазды.
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар
көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп
бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф-
сақ тайпаларын мадақтап жазды.
3. Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрын да, кейін де кездесіп отырды. Көне
Қытайда «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуро-
пада да көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс
өнеріне жетік, жауынгер, батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері
олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас
қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін
жоюды мақсат етті.
76
4-тақырып
«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.