Ауыл деген керемет, ауылда барлығы қызық. Ауылда балалар өздері ойын тауып ойнайды, апалары мен аталарына көмектеседі. Егер апасы құрт жасауды үйретсе, атасы садақ атудан. Ауылға бәрі жақсы демалып қайту үшін келеді. Себебі, ауылда тыныш, ешқандай қалалық даңғырлаған көліктің дауысын естімейсің, тыныштықта боласың. Ауылда ұйқың қанады, таңертең тұрып апаңның тәтті сүтін ішсең қандай күшті. Ал күндіз күн ыстықта, өзенге барып жақсы шомылып қайтуға болады, ал кешке үйге келгенде апаңның дәмді бесбармағын жеп, жатып демалуға болады. Ауылда өте күшті!
Уақыт - бізге берілген ең асыл құндылықтың бірі. Ол біз үшін өте қымбат дүние. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы -уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ынғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады. Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс - құбылыс әп-сәтте ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артұан. Кейде, артқа қайтатын уақыт мәшинесі болса екен деп те армандайсың. Ол ешқашан да бір орында тоқтап қалмайды. Уақыт - керемет сый. Сондықтан, уақытымызды құр босқа өткізбегеніміз дұрыс.