Тыңдалым және айтылым «Киіктің айласы» әңгімесінен берілген үзіндіні мұқият тыңда. Бұл оқиға қалай
аяқталуы мүмкін? Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді жалғастырып айт.
Тыңдалым мәтіні:
Киіктің айласы
Күздің бір күні еді. Түс кезінде бір топ киік лақтарын ертіп өзенге келді. Олар
су іше бастады.
Талдың арт жағында бір топ аш қасқыр оларды аңдып, күтіп отырған.
Олар киіктерге тап берді. Киіктер келген жағына қарай қаша жөнелді.
Лақтары ілесе алмай, соңында қалып қойды. Қасқырлар болса жақындап
келеді. Мұны байқаған бір үлкен киік аяғын өтірік ақсаңдатып, басқа
киіктерден бөліне, жеке қашты. Біраз жерге барып тоқтады да, артына қарап
-тұрды.
Тірек сөздер: қулық, қуып келеді, артынан қалмады, ақсаңдай қашып, қорғау
үшін, шындығында, құтылып кетті.
БЫСТРОО ,
Киіктің әлсіз екенін байқаған қасқырлар артынан қуа жөнелді. Киік ақсаңдай қашып жеткізбейді. Қасқырлар артынан қалмай қуып келеді. Біраз жерді артқа тастап киік құтылып кетті. Ал қасқырлар болса тілдері салақтап киікке жете алмай қалып қояды. Шындығында киік лақтарын қорғап қалу үшін осындай қулыққа барып оларды аман алып қалады.
Объяснение: