Тыңдайық 3. Мәтінді тыңда. Не туралы екенін айт. Өзiң құраған мәтінмен
салыстыр. Таныс емес сөздерді теріп жаз. Мағынасын көршіңмен
талқыла.
Біз 2070 жылға тап болыппыз. Бізге бірнеше оқушы
жақындап келді. Бізбен танысты. Олар бізді өз мектептері-
не алып барды. Олардың мектептері біздің мектептерден
өзгеше. Әр оқушы мектепте кем дегенде 7 елдің тілін мең-
гереді екен. Мектептері озық техникамен жабдықталған.
52
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.