Тыдалым. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тірек сөздерді анықтаңыз. Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі
қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен
сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман-ойының тілек
мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық
ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін өнерін
жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік
дүние. Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте
заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған
Қазіргі қолөнер саласындағы сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол
ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең
қолданылып келген, өнердің өте кене әрі күрделі түріною-өрнек өнері. Қазақтың
қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы
элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының
тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер
заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала
білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе
киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған
Объяснение:
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.