Тындалым алды жұмыс
С. 1-тапсырма. Сызба кестеде берілген үлгі бойынша сөздер мағынасын анықта.
Мақсаты: Графикалық кесте арқылы тірек сөздердің -мағынасын анықтау.
Орындалуы: Оқушылар кестедегі үлгі бойынша тірек сөздердің мағынасын аңықтайды.
Сөз Сөздіктегі анықтамасы Сөзді пайдалана отырып құрылған сөйлем
Өлке Атамекен, туған жер Менің туған жерімнің табиғаты тамаша!
Сұлу
Күміс
Алтын дән
2-тапсырма. Өлеңді мұқият тыңдап, тақырыбын анықта.
Мақсаты: оқушылардың тыңдау және түсіну қабілетін жетілдіру.
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!!
Өтебай Тұрманжанов
Талқылау сұрақтары:
- Өлеңде не туралы баяндалған?
- Туған өлкеңнің табиғаты қандай?
- Туған жер қалай сипатталған?
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.