Тыныс белгілерін дұрыс қойып жазыңыз. Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген
дүниежүзіне танымал халқының сүйікті перзенттерінің бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп
салалы ғылыми мұра қалдырған энциклопедияшыл білгірі.
Қаныш Имантайұлы үшін өмірінің басты мазмұны өз Отаны Қазақстанына деген шексіз сүйіспеншіліктен
тұрғандығынан, ғалым республиканың халық шаруашылығы мен мәдениетін жедел көтерудің ықпалды
құралы болды.
Ғалымның 1927 жылы Мәскеу қаласында СССР Халықтары ба Ер Едіге атты кітабы жарыққа
шықты. Ғалым туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Жанұзақов Оның куәсі Ер Едіге және
тағы басқа дастандардыжариялауы. Өзі президент болып тұрған кезінде туған тілі мен әдебиет мәселесіне
ерекше назар аударуы, әрқашан қолдап қолпаштап жағдай жасап отырғаны мұның толық дәлелі деп еске
алады.
Көрнекті ғалым белгілі қоғам қайраткері қазақстан ҒЫЛЫМының жетекшісі. Ұлы тұлға Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев өз халқы үлн орасан зор қызмет жасап артынан өшпестей бай мұра қалдырды. Сондықтан болар
ХХ ғасырдың аяғында халық оны Ғасыр адамы деп артады БЕРЕМ
Асан ұйықысынан тұрып тісін жуды.Енді достарымен бірге ойнауға бара жатқан еді.Бірақ
-Ау балам,бері келші,деген дауыс шықты
Асан жүгіріп барды.
Әжесі:
-Асан дүкенге барып келші бір нан алып кел,қалғанын не алғың келеді соған құрт дейді.
-Жарайды әже,деп қуана қуана дүкенге барды.
Достарында өзімен ертіп алды.
Асан бір нан алды да,көзі балмұздаққа түсті.
Ол балмұздақты ашып жегелі жатқанда:
-Асан сен ашкөз болмасаң балмұздақтың дәмін татыршы,дейді бір досы
барлығы ол баламен келіседі.
Асанның амалы қалмай дәмін таттырады.
Балмұздақ бітім қалады.Асанның көңілі түсіп кетеді.
Олар үйге қайтады, әжесіне нанды береді
Әжесі:
-Ой рахмет,балам мә мен саған балмұздақ әкелдім, дейді.
Мінекей жақсылық жасасаң өзіңе қайтып келеді деген бар ғой.Келесі кездескенше.
Жеті - қасиетті сан.
Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.
Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.