В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
angelinashushina
angelinashushina
15.10.2021 20:52 •  Қазақ тiлi

Тжб 2 токсан3 сына кандай шыгыады

Показать ответ
Ответ:
Анастасия54546
Анастасия54546
30.06.2020 09:37
Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені! Қазақстан- небір зобалаңды, небір қиындықты бастан кешірген мемлекет. Бірақ, әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, қазақ - тәуелсіздігін алды, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры- xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында .  Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз бірінші Алланың, екінші xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен  бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді.Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар! Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады! Жыл сайын дүркіретіп атап өтілетін 1-мамыр ұлттар достастығы мерекесі айқын мысал емес пе?! Сондықтан да, елімнің жанашыр патриоты ретінде Қазақстанымның әр жетістігін , әр бақытын кеудемді көкке көтере айтуға міндеттімін. Татулық пен ынтымақтың не екенін көріп өскеннен кейін, оның жалғастырушысы болу да- біздің азаматтық парыз. Ата-бабаның маңдай терімен, төккен қанымен келген киелі аманатқа тәуелсіз елдің ұландары қиянат жасамайды деп ойлаймын! Қазақстан- Ұлы Дала Елі! Қазақстан- татулық пен бірліктің мекені!

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/22397/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Ответ:
Құстар — біздің досымыз Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота