ТЖБ каз Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес.
Бұл адамдар саяхаттау үшін ғана жаралғандай. Ал кейбір адамдар саяхатты
дүниетаным кеңейтудің жолы деп емес, тек демалыс деп қана ұғады. Сіздің қай
топқа жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап
бере аламыз.
1. Демалыс және күш-қуатты қалпына келтіру Күнделікті күйбең
тіршіліктен бір мезет өзге кеңістікке көңіл жүгіртіп көріңізші, қаланың шуы мен
дабылынан даланың дархан желі артық емес пе?! Таза ауа мен жасыл табиғат сізге
серпін беріп, күш-қуат сыйлайды. Күнделікті мезі етер, шешімі қиын
мәселелерден арылып, тыныш табиғатта тыныққанға не жетсін. Бірнеше күн
саяхаттап, демалып көріңізші, сергіп қаласыз.
2. Дүниетанымыңызды кеңейтесіз Сапар шегу арқылы сіз өзге мәдени
әлемге, өзге адамдардың өміріне саяхаттайсыз. Жергілікті халықтың мәдениетіне,
тұрмысына үңілесіз, мәнін іздейсіз. Сол арқылы әлемді тануда жаңа көзқарас
қалыптастырасыз. Өз еліңізге келгенде санаңызда салыстыруға болатын дүниелер
пайда болады. Бір ескерерлігі, салыстырып отырған ұғымдарыңыздың тарихы мен
ауқымын назардан тыс қалдырмаңыз.
1-тапсырма. Автор көрсеткен саяхатқа барудың 2 себебін өз сөзіңізбен
жеткізіңіз.
1-себеп
2-себеп
[6]
2-тапсырма. Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға
саяхатыңыздың қызықтарымен бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық,
құрылымдық, ресімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз. 50-60 сөз.
-Ал, достарым менің бұл жануарларды кім жейді, - деп сұрады арыстан.
Бірінші болып қасқыр жауап берді:
- Патша! Сіз біздің басшымызсыз, есекті жеңіз, мен қойды, ал түлкі кішкентай қоянды,- деді. Арыстан қатты ашуланды.
- Сен не дейсің,-деп сұрады арыстан түлкіден.
- Сіз біздің патшамызсыңІ Қазір есек таңғы асыңыз болсын, түскі аста қойды жеңіз, кешке қоянды жеңіз,- деді.
Сен мұны кімнен үйрендің деген арыстанның сұрағына, түлкі, қасқырдан деп жауап берді.