Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.
Берілген сөздердің фонетикалық талдауы.
«Таяқ» сөзінің фонетикалық талдауы.
Таяқ – 2 буын: та – ашық, яқ – тұйық.
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Я – қосарлы дыбыс:
- й - дауыссыз, үнді;
-а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Қ - дауыссыз, катаң.
Сөзде 4 әріп, 5 дыбыс бар.
«Үзеңгі» сөзінің фонетикалық талдауы.
Үзеңгі – 3 буын: ү – ашық, зең – бітеу, гі – ашық.
Ү – дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік;
З – дауыссыз, ұяң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Ң – дауыссыз, үнді;
Г – дауыссыз, ұяң;
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.
«Рәсім» сөзінің фонетикалық талдауы.
Рәсім – 2 буын: рә – ашық, сім – бітеу.
Р – дауыссыз, үнді;
Ә – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
С – дауыссыз, қатаң;
І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
М – дауыссыз, үнді.
Сөзде 5әріп, 5 дыбыс бар.
«Лашын» сөзінің фонетикалық талдауы.
Лашын – 2 буын: ла – ашық, шын – бітеу.
Л - дауыссыз, үнді;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Ш - дауыссыз, қатаң;
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 5әріп, 5 дыбыс бар.
«Жүйрік» сөзінің фонетикалық талдауы.
Жүйрік – 2 буын: жүй – бітеу, рік – бітеу.
Ж - дауыссыз, ұяң;
Ү - дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік;
Й - дауыссыз, үнді;
Р - дауыссыз, үнді;
І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
К - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 6әріп, 6 дыбыс бар.