В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
azizplay07
azizplay07
08.09.2020 12:41 •  Қазақ тiлi

у меня СОР главная информация о тексте про шелковый путь Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді. Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавил

Показать ответ
Ответ:
AlicaWolker16
AlicaWolker16
11.08.2022 11:00
Ауыспалы осы  шақ
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
 
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі.
 

I. Жақ                   
II. жекеше                             
III. көпше
 
айтамын, келемін, сөйлеймін айтасың, келесің, сөйлейсің айтасыз, келесіз, сөйлейсіз айтады, келеді, сөйлейді айтамыз, келеміз, сөйлесеміз айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер айтады, келеді, сөйлейді.
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады
0,0(0 оценок)
Ответ:
илона590
илона590
19.03.2021 04:23

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

Монументтің авторлары

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота