у меня сор вас Тыңдалым
1. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз.
«Дәрумен» сөзі латынның «vita» – өмір сөзінен шыққан. Дәрумендердің атқаратын рөлі ағза үшін таптырмас әрі маңызды. Бүгінгі таңда дәрумендердің он үш негізгі түрі белгілі. Олардың барлығы дерлік ағза үшін аса маңызды. Ал жеткіліксіздігі ағзадағы маңызды мүшелердің қызметін зақымдайды. Қыстың аяғы мен көктем мезгілінің басында дәрумендердің тағамдардағы мөлшері едәуір азаяды. Жалпы алғанда, дәрумен жеткіліксіздігіне адамдардың едәуір бөлігі шалдыққан. Оның басты себебі, дұрыс тамақтанбауда, немесе тамақтың құнарсыз болуында. Аса танымал және жиі кездесетін С дәрумені мен оның жасанды аналогы – аскорбин қышқылы тұмауға қарсы тұратын дәрумендердің «көшін бастап тұр». Алайда адамдардың тамақтану әдісі мен тәртібін өзгертуі дәруменнің түзілуіне «жауапты» гормондардың әсерін тоқтатып, адам ағзасына С дәрумені тек тамақпен ғана келіп түсетін болды.
. Дәрумендердің барлығы ағза үшін қандай?
А) пайдалы В) маңызды С) нақты
2. Дәруменнің жеткіліксіздігі неге байланысты?
А) дұрыс тамақтанбауда В) дәруменнің жеткіліксіздігіне С) екеуі де дұрыс
3. Тамақтанудың өзгеруі қандай гормондардың түзілуін тоқтатады?
А) маңызды В) жауапты С) пайдалы
2. Мәтінді оықп, тәуелдік жалғаулы сөздерді көшіріп жазыңыз.
Жазылым
1. Тарау негізінде берілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Көкөніс түрлеріне нелер жатады?
__
__
Фастфуд тағамдары неге себеп болады?
__
__
Қазақстан Республиксының Тәуелсіздік күні қашан?
. Берілген сөздердің қай қатарға жататынын анықтаңыз.
Қажетті сөздер: па, артқа, кешке, ба, әйтпесе, төменнен, сонда да, те, орманға қарай, қыстыгүні, әйткенмен, пен, жаз бойы, әрі
Мезгіл үстеу
Мекен үстеу
Болымсыз етістік
Қарсылықты жалғаулықтар
Ыңғайласты жалғаулықтар
3. Тарау бойынша өтілген жаңа сөздердің аудармасын жаз.
Жаңа сөздер: дәрігерлік кеңес, айырбастау, қиыншылық, арнайы, тез бұзылады, шайнау
Адамдардың мінез-құлығы мен ар-ұжданы негізінен ақыл-парасат және жүрек тәрбиесінен алады екен. Осындай тұжырымды Абай Құнанбаев та құптайды.
Әл Фараби «жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ», — дейді.
Қазақтың ұлттық киімдері.
Ұлттық киім-кешектеріміз – біздің құндылықтарымыздың бірі.Қазақ халқының киім үлгілері ертеден ешбір халықтан кем болған жоқ.Себебі,ол сан алуандығымен,ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Біздің ұлттық киімдерді сый ретінде жақындарына сайласа,бірде ырым ретінде де киетін болған.Киіміздің өн-бойында,ою-өрнектерінде байтақ даламыздың тарихы жатыр десек те болады.Халқымыздың ұлттық киімдерін ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлеміз.Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ және тағы да басқалары жатады.Ал әйелдер киімдеріне:көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрікті жатқызуға болады.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің осынша әдемі болуы – елімізде қол өнердің дамығандығының белгісі.Дана халқымыз “терек – жапырағымен,
денең шүберегімен сұлу” деп айтып кеткендей,қазақтар жиындарда,той-думанда,тіпті соғысқа аттанарда да киім киістеріне мән берген.Мысалы:әйелдер қысқа көйлек кимесе,сал-серілер болса айшықты да сымбатты киіне білген.Олардың бөрік,тақияларында үкілері болған.Міне,осылайша қандай нәубет болса да қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарын күні бүгінге шейін сақтап келді.