у меня тест по казакскому через час сдавать я незнаю что делать тут Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз.
Қ\с Шығармадан үзінділер Идеясы
1 «Ғажайып ертегілер еді... дүниедегі жақсылық атаулының бәрі-бәрі:ертік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір, адамға тән небір асыл қасиеттің барлығы сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегіні айтқанда, біз – алым-жұлым киінген қара борбай балалар, бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша ақыра шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Өмірімізде қосауыз мылтықтан өзге ештеңе көрмесек те, жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, ойыншық сияқты болып қалатын.»
2 « Сарысу іркілген атқораның іші тұншығардай қапас, тымырсық еді. Тастай қараңғы. Төбесіне ұя салған торғайлардың, олардың шырылдаған қызылшақа балапандарының үні құлақты тұндырады. Құжынаған шыбындардың ызыңы бір басқа. Қараңғылыққа көзім үйренгенше есік алдында тұрдым да, онан соң қабырғаны жағалап түкпірге қарай жүре бастадым. Аяқ асты сазданып, басқан сайын шұрқ-шұрқ етеді. Түкпірге де жеттім. Аян қараңғы бұрышта біруыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де, қорадан шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті. Маған қарады да өз-өзінен жымиып күлді.»
Сулық киімдер: Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.
Ерлердің бас киімдері
Башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.
Әйелдердің бас киімдері: Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.
Аяқ киімдер:Кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптама етік, шоңқайма.
Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер,
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады: а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн; ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б. Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні),білезік (білек+жүзік).
Тұйық, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у.
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемнің мағыналары қуаныш, сүйсіну, көксеу, аяу, өкіну, шаттану, қорқу, зерігу, жирену, мысқылдау, таңдау, ризалық білдіру тағы сол сияқты мақсатта айтылады да, ай-тылу әуені, интонациясы өте асқақ көтеріңкі болады. Жазуда лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: О да бір қызық дәуір екен-ау! Шіркін, қайта айналып келер ме еді! Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау!
Лепті сөйлемнің мақсатына сай айтылған кез келген хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер лепті сөйлемге айналып кете алады.