В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Greninja
Greninja
07.02.2023 22:13 •  Қазақ тiлi

Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құлдык бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. Құдық басыңда ұзын арканга бекітілген шелек бар. Әрі - бері еткен ассалаушылар құдықтан су
іареді, атайға алғыс айтады.
Бірде аркан үзіліп , шелек кұлықтың түбіне түсіп кетті. Атайдың одан басқа шелегі жоқ
еді. Су тартып ішуге ыдыс табылады.
Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында
агелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыкка көз жіберіп, атай мен немересіне бір карады да,
атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.
- Бұл не кылған адам?- деп сұрады немересі атасынан
- Бұл адам емес, - деді атасы.
Түске тамая атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Ол арбадағы
сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп,
атай мен немересінің де шөлін кандырды. Қалған суды құрғақ құмға теге салды да, шелегін
кайтадан арбасына сатып алып, жүріп кетті
- Бұл не қыған адам?- деп сұрады немересі атасынан
- Бұны да алі адам деуге болмайды, - деді атасы.
Кешке карай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып,
арқанға байлады. Су тартып, сусынын кандырды. Сонан соң ағысын айтып, жүріп кетті. Ал
шелегі құдық басында арқанға байланған калпында кала берді.
- Бұл қандай адам?- деп сұрады немересі.
- Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы.
В. Сухомлинский
• Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, кестені толтыр.
1-жолаушы
2-жолаушы
3-жолаушы
Жолаушының іс-әрекеті
Қарияның жауабы​

Показать ответ
Ответ:
Flora999
Flora999
07.03.2020 08:04

Мұқағали Мақатаев - (1931-1976 жж.) қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындарының бірі.
Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. 
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. 
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. 
Ал махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. 
Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр – адам сезімін табиғаттағы бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали поэзиясынан заңды жалғасын тапты. Мысалы:
...Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеннің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...

0,0(0 оценок)
Ответ:
ivanovartem02
ivanovartem02
15.08.2020 10:33

Наурыз — қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерістерінің кезеңінде біздің Жаңа жылымыз Наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмытпай, белгілі бір күнді басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді.

Осы туралы білетін адамдар «Қазаққа» жазса екен, біздің Жаңа жыл — Наурыз анық жылдың қай айында һәм қай күнінде басталады. Біз оқушыларымызды Жаңа жылмен құттықтауға Наурыздың анық қай күні туатынын біле алмадық, ғафу өтінеміз

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота