Уақыт - – адамның өмірі. Біз өмірге келгеннен бастап, уақыт сағаты іске қосылады. Балалық шақтағы әрбір қадамымыз да осы уақытқа кіреді. Қазақтың заңғар жазушы- СЫ Мұхтар Әуезов: «Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл», — деп, өсиет қалдырған. Осы өсиетті қалай орындап жүрміз?! Біз қазір мектеп оқушысымыз. Жасымыз 12-13-те. Бұл — «өміріміздің 12 жылы өтті» деген сөз. Осы жылдарды біз қалай пайдаландық. Ойланып көрші! Осы уақытқа дейін не үйрендік! Қандай жақсы істер орындадық? Уақытымыз босқа өтіп жатқан жоқ па? Сабақты қалай оқып жүрміз? Ата-анамыздың айтқан ақыл-кеңесін толық тыңдап жүрміз бе? Мектепте қандай жақсы істер істеп жүрміз? Өзімізден кіші балаларға қандай үлгі- Өнеге көрсеттік? Мені осы сұрақтар толғандырады. Ал сені ше? Сен осы сұрақтар тура- лы ойланып көрдің бе? «Уақыттың бос өткені өмірдің бос кеткені» деген нақыл бар. Біздің өміріміз босқа өтіп жатқан жоқ па? Сен не дейсің? составить план
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.