Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ, уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады.
Уақытты тиімді пайдалана білу үшін, адам ең алдымен оның маңыздылығын түсініп, әр іске шыдамдылық пен табандылықпен қарауы қажет. Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ, сондықтан уақытты ұтымды жұмсай алатын әр адам үлкен жетістіктерге жете алады.
Уақыт-біздің өмірімізді өлшеуіш құрал. Қысқа ғана өмірінде әр адам оны тиімді пайдаланғысы келеді. Бірақ, өкінішке орай олардың қалаулары әрдайым орындала бермейді. Сондықтан сен әр күніңді жоспарлап, сол жоспарларыңды барынша орындауға тырысуың керек. Мағынасыз жұмыстармен айналысқанша өзіңе және айналаңа қандай пайдалы іс жасай алатыныңды ойлан. Уақытты тиімді пайдалану әр адамның өз қолында деп есептеймін.