Уат көзін үнемдей білеміз бе? сізге пән мұғалімі қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы жоба жазуды тапсырды. сіз өз жобаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз? жоба жазу кезіндегі әрекеттеріңізді күнделік етіп жазыңыз.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Бұл тойға ауыл-аймақ толық шақырылды. Тойға көрші-көлемде бала-шағаларымен қатысты. Дастархан басына үлкен-кіші аралас жайғасты. Бұлардың барлығы кәрі-жасы бірімен-бірі сыйласып, аралас-құралас болып кеткен. Қонақтар үйді-үйге орналастырылды. Алыстан келген ағайын- туған көршілердің қарым-қатынасына риза болды. Тойдың жақсы өтуіне ата-ана мол еңбек сіңірді. Олар қонаққа қандай сый-құрмет көрсету қажет екенін алдын-ала ескертті. Дәстүр-салт, халық арасындағы әдет-ғұрып толығымен сақталды. Той жарасымды, тату-тәтті, ың-шыңсыз жақсы өтті.