В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vasxodd1
vasxodd1
07.07.2021 07:08 •  Қазақ тiлi

Укого есть сор казахский язык за 4 четверть 7 класс скиньте фото 50 ​

Показать ответ
Ответ:
Кошка022
Кошка022
19.01.2023 20:43

Үш арсыз : адамды нәпсіге итермелейді

Үш ғайып: сен қай уақытта және не болатынын білмейсің.Аяғасты кез келген немесе күтпеген жағдай орын алуы әбден мүмкін.

Үш даусыз: мінезі бар адаммен сайысып жеңе алмайсың, кәрілік яғни жаспен таласа алмайсың, ажалыңмен келісе алмайсың қай уақт болсада алп кетері анық.

Үш қадірсіз: жас кезінде жігіттер өздерінің қадірін білмейді және денсаулығын ойламайды кейін үйленгеннен кейін әйелінің қадірін білмейді.Бірақ бәрін кеш түсініп өкінеді.

Үш тәтті: әрбір адамға өзінің жаны тәтті қолыңа ине кіріп кетседе шыдамайсың.Мал тәтті деген өз еңбегіңмен жеткен жетістігің немесе ақшаң тәтті , бала тәтті - бауыр еті балаң өзіңе қашанда жақын болады ,бала қылығымен былдыраған тәтті тілімен тәтті болады .

Үш күшті: ақылды болсаң ешқандай жерде білім жағынан қиналмайсың, жүрекпен неше түрлі эмоцияға тап боласың жақсысына да жаманына да ,тілмен яғни сөз шешеңдігіңмен сөздік қорыңды әдемі етіп жеткізе аласың.

Үш жаман: нақақтан нақақ біреуді жаралап немесе қолыңды қанға төгу күнә, кісі затын немесе малын рұқсатсыз алу надандығыңды көрсетеді,ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу - қарашаңырақты силамау.Яғни ол жерде сенің кіндік қаның тамған жер әке шешеннің түтін тұтатқан жері.

0,0(0 оценок)
Ответ:
katpetrompet4345
katpetrompet4345
07.08.2020 18:57

Көне түркі жазуы, көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыссыз фонема (б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқалары таңбалармен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 дауыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. К. т. ж-ның шығу тегі әлі шешіле қойған жоқ. 1893 ж. осы жазудың кілтін тапқан Дания ғалымы В.Томсен (1842 – 1927) көне түркі әліпбиі арамей (парсы-арамей және арамей-соғды) жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынды. Түркітанушылардың дені бұл пікірді қолдады. Томсен мен орыс ғалымы Е.П. Поливанов (1891 – 1938) арамей әліпбиіне жанасымы жоқ бірсыпыра руникалық таңбалар идеограммалардың (логограммалардың) негізінде пайда болды деген болжам жасады. Ал орыс шығыстанушысы Н.А. Аристов түркі руналарын ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі руна таңбалары негізігде туған төл жазу деп санайды. К. т. ж. жөнінде басқа да пікірлер бар, бірақ олардың ешқайсысы жазба таңбалардың нақты ұқсастығын аша алмайды. Археол. зерттеу барысында жаңадан табылған этногр. ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың ең көне жазба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. Б. з. д. 5 – 4 ғ-лардағы қорымдардан табылған руникалық немесе руна тәріздес екі ойма жазу Оңт. Сібір мен Қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпби болғандығын айғақтайды. Мұның бірі – Ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы (қ. Ертіс жазба ескерткіші), екіншісі – Іле бойынан табылған күміс тостағаншадағы ойма жазу (қ. Есік жазба ескерткіші). Көне түркі әліпбиі Оңт. Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни, б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде қалыптасқандығын археол. жаңа деректер мен палеогр. талдаудың нәтижелері дәлелдейді. Бұл көне әліпби Жерорта т. маңындағы алғашқы әліпбилермен генетик. жағынан тікелей байланысты. Демек, ол көне грек әліпбиінің жергілікті түрлерімен, финикия әліпбиінің және оның жалғасы – ертедегі арамей әліпбиімен, сондай-ақ Арабиядағы көне әліпбилермен етене жақын. Көне түркі руна таңбаларының шығу тегі басқа көне әліпбилердің шығу тарихымен тамырлас. Көне түркі әліпбиінің әуел бастағы түпкі негізі б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтағы беймәлім лотогр. немесе әліпбилік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне әліпбилермен ішінара ұқсастықтар олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. К. т. ж-ның шығу тарихы жалпы әліпбилік жазудың шығу тегімен ұштасады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота