ULDU 11 05
2-мәтін.
Аспан түсiнiң көк болу себебі
Аспанның түсі неліктен көк? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты
шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.
Күнделікті жұтатын ауамыз көзге көрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі көк. Оның
сыры неде?
Аспан барлық жерде де көкшіл түсті. Солтүстікте бозғылт, оңтүстікте қою көк, бізде ашық көк
түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады?
Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады,
ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен.
Ал күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай
алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ
көк түс барлығынан көбірек бөлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ
шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс.
Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.
(Уикипедиядан алынған мәлімет 113 с
Негізі ақпарат
Қосымша ақпарат
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;
Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;
Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.