УМАЛЯЮ УМАЛЯЮ тапсырма.Мәтінді мұқият оқыңыз.Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
Адамның денсаулығы саламатты тамақтануға көп байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, шамамен сырқаттың 80 пайыздан астамы дұрыс тамақтанбаудан болады. Адамның күнделікті тұтынатын асында ақуыз, май, көмір сынды қоректік заттар, микроэлементтер мен дәруменді заттар жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мүмкіндік болса, тамақты белгілі бір уақытта қабылдау керек. Бұл астың сіңірілуін жақсартып, адам денсаулығына игі әсер етеді.
Тамақты күніне 4-5 рет аз-аздан жеу керек. Егер күніне 3 рет тамақтанатын болсаңыз, таңғы асыңыз тәуліктік рационның 30-35 пайызын, түскі ас – 40 пайызын, кешкі ас – 25-30 пайызын құрауы қажет. Негізі әр үш сағат сайын ағзаға тағам түсіп тұру қажет. Ал соңғы ас қабылдау ұйықтардан 2-3 сағат бұрын болуы керек. Егер түнге қарай шамадан тыс ауыр тағамдарды қабылдасаңыз, бұл астың қорытылуына кері әсер етіп, семіздік, панкреатит және басқа да асқазан-ішек ауруларының асқынуына әкелуі мүмкін.
Күні бойы аш жүріп арықтаймын деген ойдан аулақ болу керек, себебі ашқұрсақ жүрген адам салмақ тастамайды. Тіпті қосуы мүмкін, тұтынатын калориялар кенет азайған кезде ағза дағдарысқа ұшырайды. Бұл калорияның баяу жойылуына әкеледі. Салмақты қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін жоғарыда айтқан тамақ рационын сақтай білу қажет. Бұған күніне 5 рет аз-аздан тамақтану, дене белсенділігін біртіндеп арттыру, ұн өнімдерін, жануар майларын, ащы тағамдарды тұтынуды азайту жатады. Тамақ құрамында жеміс-жидектер мен көкөністердің мөлшері көп болғаны дұрыс.
(«Астаны ақшамы» газетінен)
Дескриптор:
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- негізгі ақпаратты анықтайды.
2-тапсырма. Берілген ақпаратты негізге ала отырып,”Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі” тақырыбында сыныптасыңызға ұсыныстар,кеңестер жазыңыз.
Дескриптор:
-мәтіндегі ақпараттарды қолданады;
-ұсыныс, кеңес жазады.
прости но я не знаю Казакский язык
а я хотел