Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Алматы метрополитені — алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. алғашқы бөлігі 2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін алматы метрополитенін салу барысында «herrenknecht ag» неміс компаниясының «herrenknecht s-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі фурманов пен райымбек даңғылының қиылысы мен абай және гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. бұл жұмыстар ресейлік «лайтон» аақ қоғамының еншісінде. туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде алматы метрополитені қазақстандағы алғашқы, орталық азияда екінші (ташкент метрополитенінен кейін) және тмд-дағы 16-шы немесе 17-ші метрополитен болды. алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. «2012 жылы алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың болады, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 ға дейін жетеді» деген болжам бар. бұл мәліметтерді «алматыметроқұрылыс» ақ директоры мұрат үкшебаев мырза да растады. алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді .[1] алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді.