Университет түлектерінің бітіруі және жұмысқа орналасу қозғалысы
Бітірген түлектер саны
Жұмысқа орналасқаны
1494
1136
1035
1070
B16
47
33
786
2008ж
2009 ж
2010 ж
2011ж
1. ЖОО бітіруші түлектер мен жұмысқа орналасқан түлектер санын әр жылдар бойынша салыстырыңыздар. Қайсының
төмен екендігіне назар аударып, неліктен деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыздар.
2. Мәтін стилі, мәтін жанры қандай? Мәтін құрылымы қандай? /абзац, бөлімдер/.Қалай рәсімделген?
3. Тақырыпқа сай термин сөздерді жазыңыздар.
Дауысты дыбыстар
Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у.
Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.)
Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Тіл катысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.