В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
bolll4
bolll4
16.02.2021 16:36 •  Қазақ тiлi

Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Біреу өгіз, біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп, қым-қиғаш қимылдаған жұртты Олжабек пен Жамал көріп келеді. Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді:
--Әй, егеуді қалдырма, егеуді!
-- Тоқта, доғарылып қалды!
--Аналар барып жырта бастады...
--Мәулікейді оятыңдар, Мәулікейді!
Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. Көз алмай ұарап келе жатқан Олжабек қабығын бір шытып күбір етті:
--Жұмыстарында өнім жоқ.
Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. Егіншілердің көлігі бастақпай, өздерімен өздері әуре болып жүр, бұларға қапелімде қарай қойран жоқ. Олжабек көзі көліктерде.
--"Ана сиыр бұзау бере ме, енді! Обал-ай" ...деген ойда тұрғанда:
--О,жігітім, жол болсын, - деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.
Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп, Олжабек:
--Ассалаумәлейкүм! - дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс етті.
Егінші де күліп жіберді.
--Е, бәсе, жасын кіші көрінеді ғой , шырағым! - деді де сорайған мойнын соза түсіп Жамалға: - Есенбісің, балам. Ал, жөніңді білдір. Танымадық, - деді Олжабекке.
Олжабек жөнін жөнді айтпады.Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін адам еді,білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...
--Отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де.
--Иә, шырағым,әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой,тәңірі тек оңын берсін.
--Осы маңдағы елдің бәріде колхоз болды ма?
--Колхозсыз жер бар дейсіз бе?
--Кім қалпында отыр дейсіз.
--Бәсе, ел елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой.
--Дегенмен, «Ортақ өгізден, оңаша бұзау» жақсы да.
--Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман - бір ме? Заманына қарай амалы да бар емес пе?!

Показать ответ
Ответ:
алия270
алия270
18.12.2022 22:01

Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, мәдениет үйі, спорт мектебі. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда мұнай өндіреді.Ауылға кірер аузында келіндерді күтіп алар шағын ағаш үй бар «Келін төбе» деп аталады. Алыстан шаршап келе жатқанда сол ағаш үй көрінсе ауылға жақындадық деп қуанып секіреміз.Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Әкем бізге ауыл таза болсын десе ауланы таза ұстаңдар дейді. Менің кішкентай сіңілім көшеде балмұздақ, шырын ішсе де қорабын далаға лақтырмай үйге алып келеді сонда әкем міне апаларынан үйренген деп мәз болады.Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды, анам әдемілеп әрлейді ол ұя әлі тұр торғайлардың қонғаның терезеден қарап отырамыз, жазда өзенге шомылуға барамыз, жайлаудағы туысқандарға барамыз. Нағашыларым егін өсіреді жаздың көп күнің сол жақта өткіземін. Нағашы әжем қалада тұрады ол да бізбен бірге өзінің туған ауылына барады. Күзде сары, қызғылт жапырақтарды тереміз анам неше түрлі әдемі заттар жасайды. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!Ауылда өз отбасынмен бірге тұрғанды ұнатамын, кешкі дастарханда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін. Демалыста Саркөлде тұратын әжеме барамыз, шаруасына көмектесеміз кішкентай сіңілім шыбыннан қатты қорқады, бөпем малдың төлін көріп кетпеймін деп жылайды. Жазда әжемнің ауласындағы сәкіде шәй ішеміз. Бауырларымның бәрі жиналып у - шу боламыз.Менің туған ауылым – мақтанышым.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alllexxxsss
Alllexxxsss
18.12.2022 22:01

Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.

Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша

жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.

Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота