Аталарымыздың “Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады” деуі тегін емес. Барша қазақстандықтар үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негіздеген “Қазақстандық жолдың” етене болуы да сондықтан шығар. Себебі, Нұрсұлтан Әбішұлы біздің сара да дара жолымызды айқындағанда ондағы әрбір қағидаттың, әрбір міндеттің әр қазақстандыққа тиімді де пайдалы болу жағын қарастырған. Сондықтан да “Қазақстандық жол” біздің әрқайсымыздың мақтанышымызға айналып, ондағы міндеттерді іске асыруды парыз санаймыз. Иә, туған жерге деген сүйіспеншілік Отанға деген ұлы сүйіспеншілікке ұласатыны анық. Туған жеріңді сүймей, еліңді, Отаныңды сүйе алмайсың. Осындайда Елбасымыздың “Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады” деген сөзі ойға оралады. Мен үшін Елбасы мен ел егіз ұғым секілді. Екеуін бөле-жара қарауға әсте болмайды деп айтар едім. Елбасы деген қасиетті ұғым. Ел көшінің ілгерілеуі мен еңсесінің биік, мәртебесінің ұлық болуы әркез сол көшті бастайтын адамның жасайтын қадамына байланысты болады. Сондықтан еліңнің тағдыры Елбасына қатысты. Қостанай-Торғай өңіріне белгілі ұлағатты ұстаз Едірес Әлімов кезінде10 сыныпта оқып жүрген Нұрсұлтан Назарбаевқа сабақ береді. Ол кезде Едірес ағамыз С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің студенті екен. Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай атындағы қазақ орта мектебіне өндірістік тәжірибеден өтуге келеді. Нұрсұлтан мен оның сыныптас жолдастарына қазақ әдебиетінен дәріс оқиды. Ерекше әсерлі өткен бір сабақтың тақырыбы Ғабит Мүсіреповтің “Амангелді” пьесасы еді. Торғайдың төл тумасы студент Едіресің сонда кең көсілген. Оқушы Нұрсұлтанның жас ұстаздың әр сөзін мұқият тыңдап, қызығушылық танытқаны есінде. Кейін оқушылардың өздеріне сұрақ қойғанда толымды да тиянақты жауап берген де осы Нұрсұлтан еді. Едірес ағамыз өміріндегі осы бір есте қалған сәттерді жиі айтып отыратын. Әсіресе, жастармен кездескенде бүгінгі Елбасының шәкірттік шағын әңгімелеуден жалықпайтын. Кейін Нұрсұлтан Әбішұлының өзіне жазған хатын да қастерлеп сақтап жүрді. – Көзінің оты бар, тереңнен ойлайтын, ойын дәл де тиянақты жеткізетін, зерделі жас еді, – деп сол бір шақты еске алғанын өзіміздің де естігеніміз бар. – Ауылда өскен, ауылда оқыған, кейін Теміртау сияқты алып өндірісте шыңдалған, комсомол, партия органдарында қызмет істеп, адамдармен жұмыста тәжірибе жинақтаған Елбасының бүкіл болмысынан оның ізгілігі мен мейірімі менмұндалап тұратын. Әйтпесе, бұдан елу жыл бұрын бір көрген студент ағасына ерекше бір ілтипатпен хат жазып, тілектестік көңілін білдіре ме?! Бүкіл әлем таныған қайраткердің осынау кішіпейілдігі өзімді ерекше тәнті етті, – деп Затоболдағы Н.Наушабаев атындағы қазақ орта мектебінде оқушылармен кездескенде ағынан жарылып еді ұстаз. Нұрекеңнің мына бір сөзін ұмытуға хақым жоқ: “Тамағыңды тауып жерлік кәсіп, одан да тәуір қызмет жолығар. Бірақ, ол қара орманның, өскен еліңнің ортасында жүріп ішкен бір жұтым қара суға қайдан татысын?!” Елбасының қашанда елін ойлап, қабырғасы қайысатынының куәсі болып жүрміз. Ел мұңын ойлаған жан ғана ішкі дүниесінің толғаныстарын ақ қағазға түсіріп сырласады. Сол қасиет Нұрсұлтан Әбішұлының бойында бар. “Өмір – өткен күндер емес, есте қалған күндер” деп қалай дәл айтылған десеңізші. 1995 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен мені Қостанай облысының әкімі етіп тағайындады. Елбасы осы өңірдің түлегі ретінде маған ерекше жауапкершілік жүктеді. Өйткені, Қазақ елінің киелі өңірі – жері де, елі де бай облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласының өркендеуі бүкіл Қазақстанның алға басуына, тәуелсіздіктің нығаюына қосылар үлес еді. Оны мен де жақсы түсіндім. Бірақ бұл кезең бұрынғы экономикалық байланыстардың үзіліп, жаңа жүйе қалыптаспаған, Тәуелсіз еліміздің енді ғана аяғынан тұрып жатқан ерекше бір қиын шағы еді. Өндіріс тоқтаған, ауыл шаруашылығынан береке кеткен, жұмысшылар да, бюджеттік мекеме қызметкерлері де еңбекақысын ала алмай, зейнеткерлер де тарыққан қысылтаяң кез еді. Соны шешімдер қабылдауға, ішкі мүмкіндіктер мен резервтерді тереңірек іздестіруге, облыс халқына рухани дем беруге тура келді. Әсіресе, Елбасының Қостанайға әр келген сапары ұмытылмастай әсер қалдыратын. Халықпен кездесуі, айтқан әңгімесі маған шын мәнінде үлкен ой салатын, жүрегіме тоқып алушы едім.
Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI—IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
Объяснение: