[uTIысты зат есімдерді тауып, жіктеңдер. 3. Оқылым мәтінін негізге алып, деңгейлік тапсырманы орындаңдар.
1-деңгей. Мәтіндегі зат есімдерді тауып, қай жалғауда тұрғанын талдаңдар.
2-деңгей. Мәтіннен жалқы, жалпы зат есімдерді тауып, топтап жазыңдар. Жалқы
есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.
3-деңгей. Берілген жұмбақтарды шешіп, тақырыпқа қатысын анықтаңдар. Өздерің
осындай үлгімен жұмбақтар құрастырып жазыңдар.
Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина.
"Аққудың айырылуы"
«Аққудың айырылуы» поэмасы шын мәнінде кімнің болса да көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. «Аққудың айырылуын» лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі.
Сәкен ақынның бұл поэмасы - қазақ сөз өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен. Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі.
Поэмадағы басты идея: Табиғатты қорғау керек; cұлулықты бағалай білу керек; өмірде қатыгездіктің болуы; аққу құс мәңгілік махаббат иесі; екі аққудың аянышты тағдыры.
Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей сыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Жалпы, бұл туынды - Сәкен ақынның ақындық қарымын танытқан поэма, қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.