уже какой раз ЖАЗЫЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөлікке бөліп, әр бөлігіне тақырып қой. Әр бөлік бойынша екі сұрақтан дайында. 1)Кіріспе бөлім 2)Негізгі бөлім 3)Қорытынды бөлім
Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі. — Жұт жалмағыр, арам қатқыр, қара сайтан, балалардың біреуі ма десем, сен екенсің ғой, қасқырға жем болғыр. Жолға түсіп алып, бейқам келе жатқан Олжабектің қара танасы екен. Ызалы күбірмен кері бұрылды. Сол жақ жамбасынан төмен аяғы сырқырап әкетіп бара жатыр. Үй сыз ба, әлде жас кезінде сән қуып, жалаңаш жүріп құртты ма білмейді. Биыл суық үйде қыстап шықты. Үш мың зейнетақы неге жетсін? Балалардікі өздерінен артылмайды. Әйтеуір бұған жармаспай өз күндерін өздері көріп жүргендеріне шүкіршілік етеді. Үйге кірді. Сырттан келгенде, үйдегі жаман иіс әсіресе қатты сезіледі екен. Дәу де болса, Қаратабан, сенен келген пәле бұл, — деді ол, төсектің үстінде үрпиіп жатқан мысықты қағып тастап. Ол жерге “дік” етіп түсіп, “Не болды соншама?” деген кейіппен жақтырмай қарады. — Көзің шықсын. Көзің шыққыр, сорлы. Балалар жоқ. Өстіп жалғыз қалайын деп таптым ба бес баланы. Өлсем келіп көмуге жарар ма десеңші, шіріктер. Енді қайтейін. Ой, Алла-ай. Аман болсын әйтеуір. Қайтейін. Төсегіне қисайды. Қараңғылық коюлана бастаған. Үйдің іші суық. Көктем шыққанмен, жер жылына қоймаған кез. Кемпір аш болатын. Сүйектері де удай ашып барады. Бірақ кәрі ана төзімді еді. Күте білетін.
Біз бәріміз анамызды жақсы көреміз.Өмірдегі ең қадірлі ,ардақты-Ана деген сөз.Ана а өмірге келгеннен ақ айтылатын ең алғашқы сөз. Ана бүкіл әлем үшін қадірлі,мейрімді жан. Менің анамның қолы гүл,және ол барлығын жасай алады.Ана жүрегі әрдайым балам деп соғады.Ана жүрегі өте нәзік және махаббатқа толы.Мен бес жасқа толсам да,он бес жасқа толсам да менің жүрегім Анам деп соғады.Ананың асыл сөздері,беоген кеңестері әрбір адамның есінен кетпесі анық..Ана есімі осы өмірде баға жетпес асыл мұра.
Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап ,аялап түсінеді.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де-Ана. Ана өз баласының ел қатарлы бақытты болуын қалайды.
Рахмет Анашым-маған берген барлық жақсылықтарың үшін.Анашым мен сіздің нәзік жүрегіңізбен жылы жүрегіңізді берген тәлім тәрбиелеріңізді маған деген махаббатыңызды ұмытпаймын және, сізді өмірімнің соңына дейін аялап өтемін.
Мен анама ең алдымен ұзақ өмір,зор бенсаулық,мол бақыт және де біздің қуанышымыз болып жүре беруіне тілектеспін.
Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі.
— Жұт жалмағыр, арам қатқыр, қара сайтан, балалардың біреуі ма десем, сен екенсің ғой, қасқырға жем болғыр.
Жолға түсіп алып, бейқам келе жатқан Олжабектің қара танасы екен. Ызалы күбірмен кері бұрылды. Сол жақ жамбасынан төмен аяғы сырқырап әкетіп бара жатыр. Үй сыз ба, әлде жас кезінде сән қуып, жалаңаш жүріп құртты ма білмейді. Биыл суық үйде қыстап шықты. Үш мың зейнетақы неге жетсін? Балалардікі өздерінен артылмайды. Әйтеуір бұған жармаспай өз күндерін өздері көріп жүргендеріне шүкіршілік етеді. Үйге кірді. Сырттан келгенде, үйдегі жаман иіс әсіресе қатты сезіледі екен.
Дәу де болса, Қаратабан, сенен келген пәле бұл, — деді ол, төсектің үстінде үрпиіп жатқан мысықты қағып тастап. Ол жерге “дік” етіп түсіп, “Не болды соншама?” деген кейіппен жақтырмай қарады.
— Көзің шықсын. Көзің шыққыр, сорлы. Балалар жоқ. Өстіп жалғыз қалайын деп таптым ба бес баланы. Өлсем келіп көмуге жарар ма десеңші, шіріктер. Енді қайтейін. Ой, Алла-ай. Аман болсын әйтеуір. Қайтейін.
Төсегіне қисайды. Қараңғылық коюлана бастаған. Үйдің іші суық. Көктем шыққанмен, жер жылына қоймаған кез. Кемпір аш болатын. Сүйектері де удай ашып барады. Бірақ кәрі ана төзімді еді. Күте білетін.